Мектеп туралы
IBilim High School Zhetisay — Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы лицензияланған жеке жалпы білім беретін мектеп.

Жалпы мәлімет
Мектеп 2025 жылғы 20 мамырда құрылды және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі берген № 25035206 білім беру лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Мектепте 5–11 сыныптарда 257 оқушы білім алады. Ұжымда 42 педагог және қызметкер жұмыс істейді. Мектеп ғимаратының жобалық сыйымдылығы — 380 орын, оқу екі ауысымда жүреді.
Мектеп Түркістан облысының білім басқармасына бағынады және мемлекеттік OrtaBilim тізіліміне енгізілген (НОБД сәйкестендіргіші 31496). Заңды тұлға — «IBilim High School Zhetisay» ЖШС, БСН 250540023760.
Оқу үдерісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Мектеп «Мектеп + курс» форматында жұмыс істейді: негізгі сабақтармен қатар ҰБТ-ға және халықаралық емтихандарға дайындық, сондай-ақ профориентолог көмегі ұсынылады.
Миссиясы
Әр оқушыға сапалы білім беріп, оның қабілетін ашу, адал, жауапты және өз елі мен әлемге пайдалы азамат тәрбиелеу.
Құндылықтарымыз
Сапалы білім
Терең пәндік білім және ойлау дағдыларын дамыту.
Академиялық адалдық
Әділ бағалау, өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне құрмет.
Қамқорлық пен құрмет
Әр оқушыға қауіпсіз әрі қолдау көрсететін орта.
Жауапкершілік
Оқушы, ата-ана және мектеп арасындағы ашық серіктестік.